Бейсахмет Азамат Алматұлы, 2008-2012 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетінде оқыды (мамандығы 050902-Туризм). 2014 жылы "Туризмді дамытудағы қауіп факторлары"тақырыбы бойынша магистрлік диссертацияны қорғап, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "6n0902-Туризм" мамандығы бойынша магистратураны үздік аяқтады. Сол жылы рекреациялық география және туризм кафедрасында оқытушы көмекшісі болып жұмысқа қабылданды. Оқытушы лауазымында жұмыс істеген уақытында өзін сабақты өткізу тұрғысынан да, кафедрада әлеуметтік-тәрбие жұмысы тұрғысынан да жақсы жағынан көрсетті. Пәндер бойынша сабақтарды қазақ тілінде жүргізеді. Сабақтар заманауи оқыту технологиялары мен оргтехниканы пайдалана отырып, тиісті теориялық және педагогикалық деңгейде өткізіледі. ҚР туризм және спортты дамыту жөніндегі «ЖасТур» клубының құрметті мүшесі (ҚазҰУ). Студенттердің оқу-жаттығу практикасын ұйымдастыруға және өткізуге қатысады, спорттық туризм бойынша 3-разрядқа ие. Бейсахмет А.А. ғылыми жұмыс жүргізеді, ғылыми-әдістемелік конференциялардың жұмысына қатысады, студенттердің ғылыми-зерттеулерімен жұмыс, оның ішінде академиялық ұтқырлық бойынша білім алушыларды басқару тәжірибесі бар. Кафедра мен факультеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Бакалавриат
2012
Қызығушылығы
Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0